Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері
Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрелері көп. Табиғаттың ауа райына байланысты киім түрлерін де ерекшеліктері бар.
Тымақ – ерлердің қысқы баскиімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Түрлері: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін тымағына қарап та таныған.
Тымақ - қасиетті баскиім. Оны айырбастауға болмайды, оған аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған. Бұрынғы кезде қазақтар шала туылған баланы неше күні кем болса, сонша күн тымаққа салып, кереге басына іліп қотяын болған.
Бөрік – қазақ халқының баскиімінің бірі. Бөріктің сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіледі. Оның жазғы, қысқы түрлері де болады. Жиегінің қымбат бағалы аң және мал тері түрлеріне қарай кәмшат бөрік, күзен бөрік деп аталады.
Бөрік үш, төрт, немесе алты қиықтан құралады да, оны тиісінше үш сай, төрт сай, алты сай, дейді. Бұл баскиімді ерлер де, қыздар да киеді.
Сәукеле – ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Саукеле 2-3 қарыстай биік, ол дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағады.
Тон – қойдың терісінен тігілетін қыстық жылы киім.
Жақы – ертеректе ауқатты адамдар киген, қазір өте сирек кездесетін жағалы әрі асыл киімдердің бірі. Ол тек жылқы терісінің тігіледі.
Шапан – қазақтың ежелгі әрі кәделі киімі. Ол арасына жүн немесе мақта салынып, сыртын шұға, барқыт сияқты әдемі әрі мықты матамен қапталып, ішін астарлап тігетін жылы киім.
Шекпен – тек қана түйе жүнінен тоқылатын жаздық сырткиім. Шекпендік матаны иіріп, оны өрмекпен тоқып, шапан үлгісінде пішеді. Оған мақпалдан немесе басқа қалың матадан қайырма жаға, тік жаға салады.
Ішік – сәнді әрі жылы киім. Мұны сыртын берік матадан, ішін аң, мал терілерінен тігеді.
Күпі – қазақтың ертеден киіп келе жатқан киімдерінің бірі. Ол – ішіне қойдың, түйенің жабағы жүнін салып, бидай шүберекке сырып, сырты берік бір түсті матадан тігілетін жылы әрі қарапайым киім.
Қалпақ – ақ киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі ерлердің баскиімі.
Камзол – әйелдердің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға, мауыты т.б. маталарадан әсем безендіріліп тігілетін киім.
Жаулық – ақ матадан жасалатын әйелдердің ең негізі баскиім. Әз әжелереді, асыл аналарды ардақтап, ақ жаулықты деп атайды.
Қазақша көйлек – әйелдер киімі. Түсі ашық жақсы мталадардан тігіледі.
Белбеу – ерлер де, әйелдер де қалың киім сыртынан буынатын өте қымбат бағалы зергерлік бұйым.
Жарғақ шалбар – ешкі терісінен тігілетін еркектер киімі.
Етік – былғарыдан, құрымнан тігілетін ерлер мен әйелдердің аяқкиімі.
- Казахские национальные сувенирыКазахстан – это страна с богатой и уникальной культурой, которая вдохновляет и завораживает многих путешественников. Во время поездки в эту прекрасную страну, каждый турист стремится принести с собой не только незабываемые воспоминания, но и национальные сувениры, которые будут напоминать о его приключениях и погружении в местную культуру.Полная версия статьи
- Казахская национальная одежда, ее стиль и красотаКазахская национальная женская одежда отличается своей практичностью и богатством украшений. Она является истинным проявлением высокой художественной культуры казахского народа. Это подтверждают искусствоведы и дизайнеры одежды, которые восхищаются уникальным стилем и красотой казахских национальных нарядов.Полная версия статьи